Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі
11 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Астанаға келіп, есеп беріп, журналистермен брифингке қатысты. Жиынға қатысқан «журналист» Бақытжан Көпбаев сұрақ жауап кезінде алдымен әкімді мақтап, кейін «cізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» деді. Ал жиыннан кейін әкімге қосымша сұрақ қойғысы келген журналистерге Көпбаев кедергі келтіріп, әкімнің қорғаушысы, «өкілі» секілді сөйлеуге тырысты. Журналистер Ақсәуле Әлжан мен Жолдас Өрісбай Әдеп подкастың кезекті санын осыған арнап, Көпбаевтың қай журналистік стандартты бұзғанын талқылады. Одан бөлек, журналист пен блогердің айырмашылығы мен қазақ қоғамындағы мүдделер қайшылығының элементтерін, сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамындағы қарым-қатынастардың қазақ журналистикасына кері әсерін де талдады. 0:00 – Анонс 0:18 – «Журналистің» Шымкент әкіміне комплименті 1:41 – «Сізді бізге әкім қылып сайлаған Аллаға және президентке рақмет» 3:27 – Бақытжан Көпбаев кім? 4:50 – Журналист пен блогер айырмашылығы, шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, журналистика тілі 6:25 – Журналистика мен активизмді ажырата білу маңызы туралы 7:18 – Көпбаев журналист пе? 8:15 – «Журналистика мен блогерлік арасы жақындап келеді» 10:00 – «Журналист хабар таратуға, ал блогер пікір білдіруге бейім» 11:02 – Өңірлердегі «жаңа журналистер» 11:34 – Қазақстандағы «Баке» феномені 12:38 – Мүдделер қақтығысы деген не? 14:02 – Неліктен журналистерге шенеуніктермен дос болуға болмайды? 15:52 – «Мүдделер қайшылығы туындағанда редакция ашықтық танытуы керек» 17:50 – Қазақ қоғамындағы иерархияның журналистикаға әсері туралы 24:04 – Кореядағы иерархияның әуе апаттарына әкелуі туралы 25:46 – Жасырын мүдде де журналистің беделіне нұқсан келтіреді 29:00 – Әкімнің бастығы кім? 30:06 – «Карманные журналисты» 35:23 – Америкалық NPR редакциясының ашықтық таныту моделі туралы 36:37 – Блогерлер бағынатын этика стандарттары жоқ 38:12 – «Блогерлер дәстүрлі медиа көрмегенін көтере алады» 40:28 – Блогерлер өз жұмысын тексеретін фактчекерлерге жүгінсе абзал еді
Название:
Шенеунікпен қарым-қатынас, мүдделер қақтығысы, блогер мен журналистің айырмашылығы – Б.Көпбаев кейсі
Категория:
Разное