Ерлерге арналған Жаназа намазы | Ханафи мәзһабы
Жаназа намазының орындалу үлгісі. Бұл – марқұмға дұға сипатындағы парыз кифая намаз; рүкүғ пен сәжде жасалмайды, тұрып оқылады және төрт тәкбірден тұрады. Бұл бейнесабақта намаздың орындалу реті, оқылатын дұғалар мен сүрелер, сондай-ақ маңызды ескертулер экрандағы мәтін арқылы кезең-кезеңімен түсіндіріліп көрсетіледі. 📌 Маңызды ескерту Бұл бейнесабақтағы Құран сүрелері мен дұғалар үйренуге ыңғайлы болуы үшін дауыстап оқылған. Намаз барысында дауыстап немесе іштей оқылатын тұстар экрандағы мәтін арқылы көрсетіліп, түсіндіріліп отырады. ✅ Бұл материал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Діни сараптама бөлімінің сараптамасынан өтіп, оң қорытынды алған. 📄 Сараптамалық қорытынды №23/1663 📅 10.09.2026 ж. 🌐 OQI.KZ – Онлайн ислам білім беру платформасы Оқы • Үйрен • Амал ет
Название:
Ерлерге арналған Жаназа намазы | Ханафи мәзһабы
Категория:
Разное